Жапонияда патша Нарухито ресми түрде билеуші деп жарияланды

11 Қараша 2019, 08:51
3095
Бөлісу:
Жапонияда патша Нарухито ресми түрде билеуші деп жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда патша Нарухитоны ұлықтау – ресми түрде билеуші деп жариялау рәсімі өтті, деп хабарлайды 24.kz.

Салтанатты шара қазан айында дауылға байланысты кейінге шегерілген болатын. Патша әулеті керуені Токионың орталығымен жүріп Акасакадағы резиденцияға барды. Олармен үкімет басшысы және өзге де лауазымды тұлғалар еріп жүрді. Мерекелік шараны тамашалуға мыңдаған адам жиналды.

Еске сала кетейік, Жапонияның жаңа патшасы Нарухито биыл 1 мамырда таққа отырған. Себебі оның 85 жастағы әкесі Акихито өзінің жасына байланысты биліктен бас тартқан болатын.



Өзгелердің жаңалығы