Жапонияда елден кеткен туристер салық төлеуге міндеттелді

7 Қаңтар 2019, 14:29
2021
Бөлісу:
Жапонияда елден кеткен туристер салық төлеуге міндеттелді

Астана, baq.kz. Бүгіннен бастап Жапонияда елден кеткен туристер үшін жаңа салық күшіне енді. Ол салық кері қайту билетінің құнына қосылады. Бұл жөнінде РБК порталы хабарлайды.

Бүгіннен бастап Жапония елден ұшақ немесе кемемен кеткен азаматтар үшін 9,20 доллар көлемінде жаңа салық түрін енгізді. Аталған салық кері қайту билетінің құнына қосылады.

Белгілі болғандай, жаңа салық елден кететін Жапония азаматтарына да, шетелдіктерге де қатысты. Елде уақытша аялдаған және 24 сағат ішінде оның аумағынан шығатын адамдар бұл салықтан босатылады.

Сонымен қатар, жаңа салық 2 жасқа дейінгі балаларға, шет мемлекеттердің елшілеріне және мемлекеттік қонақтарға қатысты емес. Сондай-ақ, 7 қаңтарға дейін билет сатып алған саяхатшылар да аталған салықтан босатылады.

Жапония билігі жаңа салық 2019 жылы ел бюджетіне 50 млрд иен табыс алып келеді деп күтуде. Ол қаражатты көші-қон рәсімдерін тездету үшін әуежайларда бет-әлпетті тану құрылғыларын орнатуға, елдің туристік нысандарында шет тілдерінде қызмет көрсету түрлерін кеңейтуге жұмсау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы