Жансай Смағұлов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

26 Шілде 2021, 09:48
2329
Бөлісу:
Жансай Смағұлов Токио Олимпиадасын жеңіспен бастады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында дзюдодан кезекті жарыс күні басталды. Бүгін ерлерден 73 келіге дейінгі салмақтағы жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады деп хабарлайды Olympic.kz. 

73 келіде Қазақстан намысын қорғайтын Жансай Смағұлов Олимпиаданы екінші айналымнан басталды. Ол Токио татамиіндегі алғашқы белдесуінде армениялық Фердинанд Карапетянды жеңді. 

Белдесудің негізгі уақыты тең аяқталып, қосымша уақытта Жансай «ваззари» ұпайын еншіледі. Смағұловтың келесі қарсыласы - канадалық Артур Маргелидон.



Өзгелердің жаңалығы