Жәнібек Әлімханұлының басты жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

20 Маусым 2021, 19:57
2640
Бөлісу:
Жәнібек Әлімханұлының басты жекпе-жегі тікелей эфирден көрсетіледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокс жанкүйерлері қазақстандық танымал боксшы Жәнібек Әлімханұлының кәсіби рингтегі басты жекпе-жегін тікелей эфирден тамашалай алады.

Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс жаңалықтары instagram парақшасында жазылды. 

Ақпаратқа сәйкес, 27 маусым, жексенбі күні Жәнібек Әлімханұлы (9-0, 5КО) өзінің карьерасындағы ең басты кездесуін АҚШ-та өткізеді. 

Жерлесіміз Лас-Вегаста (Невада штаты) WBА нұсқасы бойынша әлемнің экс-чемпионы, АҚШ өкілі Роб Брантпен (26-2, 18КО) кездеседі. 

Кездесудің тікелей трансляциясы Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 08:00-де басталады және «Хабар» телеарнасынан көрсетіледі. 

Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы өзінің соңғы кездесуін былтыр қазан айында Лас-Вегаста өткізіп, аргентиналық Гонсало Корианы (16-4, 6КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын. 


Өзгелердің жаңалығы