Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты салынады

5 Қазан 2021, 09:30
11457
Бөлісу:
Жаңаөзенде газ өңдеу зауыты салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев хабарлады. 

Сондай-ақ ол Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының 2021-2025 жылдарға арналған Кешенді жоспарының жобасы ұсынылғанын алға тартты.

Сонымен қатар Кешенді жоспар 15 бағыттан және 214 іс-шарадан тұрады.

2021-2025 жылдарға арналған инвестицияларға жалпы қажеттілік 2,1 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде РБ – 338,8 млрд теңге, ЖБ – 118,3 млрд теңге, ал жеке инвестициядан – 1,6 трлн теңгеге тең. Өнеркәсіпте Жаңаөзен қаласында газ өңдеу зауытын, АЭА «Ақтау теңіз порты» аумағында каустикалық сода, құрамында хлор бар өнім өндіру зауытын салу, химреагенттерді, трансформаторларды және т. б. өндіру бойынша 21 жобаны іске асыру көзделеді, - деп атап өтті Ұлттық экономика министрі.

Сондай-ақ ведомство басшысы өңірдің туристік әлеуетін дамыту бойынша «Жылы жағажай» ауданында туристік кешен мен сауда қатарларын саламыз деп отыр.

Келушілерге орталығы бар этноауыл, 9 қонақ үй, демалыс аймақтары, сауықтыру кешендерін салу сияқты шаралар қабылданатын болады. Көлік және логистика бағыттары бойынша Ақтау қаласының жаңа терминалын салу және жұмыс істеп тұрған халықаралық әуежайын, құрық портындағы «Саржа» көпфункционалды теңіз терминалын жаңғырту қолға алынады, - деді Әсет Ерғалиев.

Кәсіпкерлікті дамыту мақсатында «Бизнестің жол картасы – 2025», «Қарапайым заттар экономикасы» және «Еңбек» бағдарламаларының құралдары белсенді қолданылатын болады. Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданында 2 көтерме-тарату орталығы салынады.

Өзгелердің жаңалығы