Жаңа оқу жылы: Бір сыныпта қанша бала отырады?

27 Тамыз 2021, 18:06
14079
Бөлісу:
Жаңа оқу жылы: Бір сыныпта қанша бала отырады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова бір сыныпта қанша оқушы отыратынын айтты.

Сыныптағы оқушыларды отырғызу қалай реттеледі? Бір сыныпта талап бойынша қанша оқушы болады? Мысалы, кей сыныпта 30-40 оқушы болса, олар қалай отырғызылады?, – деп редакциямыз брифингке қатысушыларға сауал жолдады.

Бүгінгі күні санитарлық талаптарға сәйкес бір сыныптағы оқушылар саны 25-ті құрайды. Дегенмен елімізде бүгінгі күні үшауысымда оқытылып жатқан орын тапшылығы бар мектептер бар. Бұл мектептерде оқу процесін ұйымдастыру ерекше жүргізіледі. Сондай-ақ қосымша санитарлық талаптарды сақтау бойынша жағдай жасалады. Бастысы – әр мектептің өз жағдайы ескеріледі, - деп жауап берді Шолпан Каринова.
Яғни мектептің жобалық қуаттылығы, сынып комплектілерінің саны, сонымен бірге оқушылардың санына, кейбір пәнді қашықтан оқытуға ауыстыру, кіші ауысымдар құру шараларын қолданып, әр мектеп шешім қабылдайды.

Бұл сұрақ БҒМ-нің де, Білім басқармаларының да ерекше бақылауында тұр.

Еске сала кетейік, 2021-2022 жаңа оқу жылында республика бойынша оқу процесі дәстүрлі форматта басталады.

Бұған дейін Каринова апат болған Жамбыл облысы Байзақ ауданында оқу жылының қалай ұйымдастырылатынын айтты.

Өзгелердің жаңалығы