Астанада жаңа автобус маршруты пайда болады

1 Ақпан 2019, 09:39
2455
Бөлісу:
Астанада жаңа автобус маршруты пайда болады

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Жаңа автобус маршруты «Көктал-1» тұрғын алабын № 19 орта мектеппен тікелей байланыстыру мақсатында іске қосылғалы отыр. Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайты хабарлайды. 


«Астана LRT» компаниясының хабарлауынша, жаңа бағыт жолаушыларға 2 ақпаннан бастап қызмет көрсетеді.

«Жаңа бағыт «Көктал-1» тұрғын алабын № 19 орта мектеппен тікелей байланыстыру мақсатында құрылды. № 5А бағдар қолданыстағы № 5 бағдар негізінде әзірленген»,  – делінген компанияның хабарламасында.
Өзгелердің жаңалығы