Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 14 адамға жетті

29 Тамыз 2021, 21:04
1658
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Қаза тапқандар саны 14 адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Жамбыл облысындағы жарылыстан қаза тапқандар саны он төрт адамға жетті. Қорғаныс министрлігінің саперлері оқиға орнынан тағы бір адамның денесін тапты. Оның жеке бас мәліметтері анықталуда, - делінген хабарламада.

Қайтыс болғандар арасында азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері де бар.

Жоғалған екі адам іздестірілуде.

Өзгелердің жаңалығы