Жамбылдағы жарылыс: Қайтыс болғандар саны тоғыз адамға жетті

27 Тамыз 2021, 15:18
1837
Бөлісу:
Жамбылдағы жарылыс: Қайтыс болғандар саны тоғыз адамға жетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдай министрлігінің баспасөз қызметі Байзақ ауданындағы жарылыстан соңғы мәлімет бойынша 9 адам қаза тапқанын мәлімдеді.

Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімдегі жарылыс салдарынан соңғы мәліметтер бойынша барлығы 9 адам қаза тапты, оның ішінде ТЖМ, әскери бөлімнің, әскерилендірілген күзет пен әскери прокуратура қызметкерлері бар. Қаза болғандардың жеке басы анықталып жатыр. Табылмай жатқан 2 адам туралы деректер анықталуда. Бұл туралы Жедел штаб мәлімдеді, - делінген хабарламада.

Алдын ала ақпарат бойынша ауруханаға ТЖД 49 қызметкері түскен.

Оқиға орнында министр бастаған ТЖМ жедел тобы жұмыс істейді.

ТЖМ ДЖБО-да және өрт орнында КШМ базасында өрт сөндіру штабы құрылды, Жамбыл облысы ТЖД-де жедел штаб жұмыс істейді.

Төтенше жағдайды жоюға барлығы жұмылдырылды:

- ТЖМ-153 қызметкер, 46 техника,

- ДП-400 қызметкер, 54 техника,

- №28349 ә/б-8 қызметкер, 2 техника,

- №5513 ә/б-273 әскери қызметші, 12 техника,

- Ұлттық Ұлан - 520 адам және 250 адам резервте.

Халыққа ақпараттық және психологиялық көмек көрсету үшін Жамбыл облысында ТЖМ және ТЖД жедел желі ашылды. ТЖМ телефондары – 33-32-89, 53-32-79, ТЖД - 8 (7262) 51-41-67, 51-37-75, +77788109109.

Өзгелердің жаңалығы