Жамбылдағы әскери бөлімде жарылыс болды

26 Тамыз 2021, 21:09
2407
Бөлісу:
Жамбылдағы әскери бөлімде жарылыс болды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Өртті сөндіруге бөлімнің өрт сөндіру командалары тартылды. Оларға Жамбыл облысы бойынша ТЖД Өрт сөндіру жасақтары көмек көрсетуде. Өрт ошағын жою жалғасуда. Өрттің шығу себептері анықталуда - делінген хабарламада.

Оқиға орнына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Руслан Шпекбаевтың басшылығымен Қорғаныс министрлігінің комиссиясы жіберілді.

Өзгелердің жаңалығы