Жамбыл облысында тұрғындардың 56%-ы дауыс берді

25 Шілде 2021, 12:55
1856
Бөлісу:
Жамбыл облысында тұрғындардың 56%-ы дауыс берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Жамбыл облысында ауылдық округ әкімдеріне кандидаттарды сайлау барысы» туралы баспасөз конференциясында айтылды.

Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының төрағасы Серғали Айдапкелов сайлау науқаны туралы ақпаратпен бөлісті.

Сайлаушылардың сайлау учаскелеріне келуі туралы ақпарат Жамбыл облыстық сайлау комиссиясының интернет парақшаларында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 10:00, 12:00, 14:00, 16:00, 18:00, 20:00-де жарияланады. Сонымен бірге сайлаушылардың келуінің алдын ала қорытындылары туралы ақпарат 21:00-де ұсынылады, - деді ол.

Серғали Айдапкеловтың айтуынша, Жамбыл облысы бойынша аумақтық сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сәйкес бүгінгі сағат 12:00-дегі жағдай бойынша сайлау тізімдеріне енгізілген 104 391 сайлаушының жалпы санының 56%-ы сайлау бюллетендерін алды.

Жамбыл облысы бойынша 89 сайлау учаскесінде саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден, БАҚ-тан 500-ден астам байқаушының сенімді өкілдері қатысып отыр, - деп түсіндірді ол.

Айта кетейік, ауыл әкімдерін сайлау барысы аймақтарда қалай өтіп жатқаны туралы мына жерден оқи аласыздар.

Өзгелердің жаңалығы