Жамбыл облысында барлық бағыт бойынша жол ашылды
18 Қараша 2021, 10:08 79

Жамбыл облысында барлық бағыт бойынша жол ашылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында барлық бағыт бойынша жол ашық.

Бұл туралы Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, кеше ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар бағыттағы жол жабылған болатын. 

Сондай-ақ дауыл салдарынан Тараз қаласында нысандардың жартысынан көбі электр жарығынан ажыратылып, электр тасымалдау желілері істен шыққан еді, көптеген ғимараттың шатыры ұшып, ағаштар құлаған еді.

Қазіргі уақытта зақымдалған электр желілері қалпына келтіріліп жатыр.


Фото: дереккөз
Загрузка...