Бас жаңалықтар
Жамбыл облысында 37 мың оқушының онлайн оқуға мүмкіндігі жоқ
03 Сәуiр 2020, 09:54 181

Жамбыл облысында 37 мың оқушының онлайн оқуға мүмкіндігі жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында онлайн-оқытуға дайындықты пысықтау аясында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардың балаларына 11,7 мың компьютер берілді.

Коронавирустың таралуына байланысты шектеулерге қатысты 6 сәуірден бастап еліміздегі оқушылар қашықтан оқыту режиміне көшеді. Жаңа форматта оқыту түрі оқушылардың үй жағдайында компьютер, ноутбук, гаджеттермен қамтылуын және интернетке қол жетімділігін талап етеді.

Бүгінгі таңда аймақтағы 442 мектепте 230 мыңға жуық бала білім алуда. Оның ішінде 84 пайызы оқушылардың қашықтан оқыту түріне өтуге мүмкіндігі қарастырылған. Олардың қолдарында компьютер, моноблок, ноутбук, планшет, смартфондары бар. Интернетке қосылған. Бұл орайда қалған 16 пайыз үшін қашықтан оқыту мүмкіндігін қамтамасыз ету жайы маңызды болып отыр,-делінген облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Өңірдегі 37200 оқушыда компьютер, планшет, смартфон жоқ. Олардың басым бөлігі аз қамтылған немесе көпбалалы отбасыларға жатады. Бұл мәселені шешу үшін мектеп балансындағы компьютерлер аталған санаттарға жататын отбасылардағы 11 712 оқушыға уақытша бөлінген. Бұдан бөлек, жергілікті бюджет есебінен тағы 2 мың компьютер сатып алынған. 

Сондай-ақ, облыстағы 17,8 мыңнан астам бала "Балапан", "Ел арна" және "Qazaq radiosy" радиосы арқылы трансляцияланатын сабақтарға және "Қазпошта" арқылы оқу жоспарланған.


Фото: ашық дереккөз
Загрузка...