Жамбыл облысында карантин режимі жеңілдейді

18 Мамыр 2020, 21:32
1430
Бөлісу:
Жамбыл облысында карантин режимі жеңілдейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында "Облыстың қалыпты тіршілігін кезең-кезеңімен қалпына келтіру жоспары туралы" онлайн баспасөз конференциясы өтті.

2020 жылғы 19 мамырдан бастап карантин режимін жеңілдетудің үшінші кезеңі күшіне енеді. Алайда, бірқатар облыстарда коронавирустық инфекция ауруларының күрт өсуіне байланысты, сондай-ақ өңірдегі ағымдағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, Жамбыл облысының жедел штабы карантиндік шараларды ішінара жеңілдету туралы шешім қабылдады – деді Жамбыл облысы әкімінің бірінші орынбасары Бекболат Орынбеков.

Аталған шешімге сәйкес келесі нысандардың жұмыс жасауына рұқсат беріледі:

- алдын ала жазылу бойыншамонша кешендерінен тыс орналасқан шаштараздар мен сұлулық салондарына сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін;

- сыйымдылығы 30 адамнан аспайтынашық ауада жұмыс істейтін жазғы алаңдармен дәмханалар сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін;

- құрылыс материалдары мен шаруашылық тауарларын сататын базарлар сағат 7.00-ден 17.00-ге дейін;

- қонақ үйлер.

Сондай-ақ, ертеңгі күннен бастап Тараз қаласының аумағында орналасқан түлектерді ҰБТ-ға дайындау бойынша білім беру орталықтарының қызметіне рұқсат беріледі.

Жоғарыда көрсетілген кәсіпкерлік қызмет түрлерінің жұмысын қайта бастау үшін санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтау міндетті шарт болып табылады. Мұны арнайы мобильді топтар қадағалайды. Облыс тұрғындарының денсаулық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ инфекцияның таралу қаупінің жоғары болуына байланысты қоғамдық көлік қозғалысына рұқсат берілмейді. Бүгінгі күні, қалыптасып отырған эпидемиялық жағдай маршруттық автобустардың жұмысын қайта бастауға мүмкіндік бермейді. Облыс тұрғындарынан бұған түсіністікпен қарауды сұраймын – деді ол.

Аталған жеңілдіктер COVID-19 таралу ошақтары бар Қордай, Байзақ және Жамбыл аудандарында берілмейді.

Карантиндік шаралар толық аяқталғанға дейіноблыс пен Тараз қаласының периметрі бойынша автожолдарда, коронавирус ауруы анықталған елді мекендерде блокпосттар жұмыс істеуін жалғастырып, тұрғындардың қозғалысы да шектеулі болып қала береді – деді әкім орынбасары.

Өзгелердің жаңалығы