ҰЭМ жалған хабарламалардың тарап жатқаны туралы ескертеді

9 Қыркүйек 2019, 15:47
2206
Бөлісу:
ҰЭМ жалған хабарламалардың тарап жатқаны туралы ескертеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрлігі жүргізген сауалнамаға қатысып, 350 000 теңгеге ие болу туралы жалған хабарлама таратылған. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

"8 қыркүйекте түрлі мессенджерлерде Ұлттық экономика министрлігі жүргізген сауалнамаға қатысып, 350 000 теңгеге ие болу туралы жалған хабарлама таратылған. Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі бұл жалған ақпаратың Ұлттық экономика министрлігіне еш қатысы жоқтығы туралы ресми түрде хабарлайды", - делінген хабарламада. 

Ұлттық экономика министрлігінің қызметі туралы шынайы ақпаратты  ведомствоның ресми ресурсында  http://economy.gov.kz/ru/news оқи аласыздар.



 

Өзгелердің жаңалығы