Жақын күндері Алматы көгіне тікұшақтар көтеріледі

15 Қыркүйек 2020, 09:40
2706
Бөлісу:
Жақын күндері Алматы көгіне тікұшақтар көтеріледі

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы ТЖ департаменті жақын күндері тікұшақтардың оқу-жаттығуы өтетінін ескертті.

Бекітілген кестеге сәйкес, жақын күндері ҚР ТЖМ  авиациялық бөлімшелерінің оқу-жаттығу ұшулары жоспарланған.  

Оқу-жаттығудың мақсаты - жыл сайын  жоспалы түрде биік көпқабатты ғимараттардағы өрт, табиғи өрттерді сөндіру үшін арнайы құралдарды, яғни су төгу құрылғылары мен импульсті өрт сөндіру қондырғыларын пайдалану.  Сондай-ақ құрлықтағы құтқару бөлімшелерімен өзара әрекеттесу дағдылары бойынша ұшу  құрамының практикалық дағдыларын машықтандыру жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты, «Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» Медеу аймақтық бөлімшесі «Аюсай» шатқалы аймағында тікұшақтарды байқауға болады, - делінген хабарламада.
Өзгелердің жаңалығы