Жаңа мамандықтар туралы қайдан білуге болады

25 Маусым 2020, 12:48
3494
Бөлісу:
Жаңа мамандықтар туралы қайдан білуге болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен халыққа есеп беру кездесуінің қорытындысына арналған брифингте ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов жаңа мамандықтардың атласы қай салаларды қамтитынын айтты. 

Экономиканы цифрландыру, автоматтандыру сынды шаралар кей мамандықтардың жойылып, кей мамандықтардың жетілуіне алып келді. Министрлік жаңа мамандықтардың атласын 4 жылдан бері әзірлеп жатыр. Ол дүниежүзілік банктің жобасы аясында жүзеге асырылуда. Өткен жылдан бері жаңа мамандықтарды жасақтауға кірістік. Ол 9 саланы қамтиды. Олар: тау-кен өнеркәсібі,мұнай-газ, көлік-логистика, машина жасау, ауылшаруашылық, ақпараттық-коммуникациялық технология, энергетика құрылыс пен туризм, - деді ол. 
Министр бүгінде тау-кен өнеркәсібі бойынша карта жасақталып біткенін айтты. 
Онда 9 жойылып бара жатқан, 10 өзгеріске ұшыраған және 22 жаңа мамандық анықталды. Барлық ақпаратты элекронды еңбек биржасынан алуға болады. Қалған 8 саланы жасақтауға коронавирус пандемиясы кедергі келтірді. Алайда қыркүйектің соңына дейін мамандықтар атласын аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деді ол.
Министр "Еңбек" бағдарламасы бойынша қысқамерзімді курстар бар екенін атап өтті. 
Жұмыссыз азаматтарды жұмысқа тарту үшін оқыту курстары бар. Олардың біліктілігін арттырып, қорытындысында жұмысқа тұрып кетуі жүзеге асырылды. Дүниежүзілік банк жобасы аясында тапшылығы жоғары мамандықтар бойынша онлайн оқыту жүйесін іске қосу бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы