Жұмада еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады

20 Қыркүйек 2019, 08:35
1998
Бөлісу:
Жұмада еліміздің басым бөлігінде ауа райы ашық болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жұмада Қазақстанның басым бөлігінде антициклон жотасының орналасуына байланысты жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Тек республиканың батыс және солтүстігінің кей жерінде фронтальді бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, кей жерде найзағаймен жаңбыр жауады. Республиканың кей жерінде жел күшейеді, тұман күтіледі, солтүстікте бұршақ жаууы ықтимал.

Ақмола,  Ақтөбе, күндіз Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-23 м/с күшеюі күтіледі. Алматы облысында күндіз Жалаңашкөл аймағында жел 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі. Қостанай облысының басым бөлігінде жел 15-23 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерінде тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында жел 15-20, кей жерінде 23-28 м/с күшейеді, кей жерінде тұман, бұршақ күтіледі. Павлодар облысында желдің екпіні  15-20, кей жерінде 25 м/с жетеді.

Қызылорда, Түркістан облыстарында, Жамбыл, Карағанды, Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының кей жерінде, Ақтөбе облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының жекелеген ауданында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Өзгелердің жаңалығы