Жұма, 28 тамызға арналған ауа райы болжамы

28 Тамыз 2020, 08:35
1833
Бөлісу:
Жұма, 28 тамызға арналған ауа райы болжамы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 тамыз күні ел аумағының басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің мәліметіне сәйкес, республиканың тек солтүстік-шығысында, шығысында, оңтүстік-шығысында найзағай мен жаңбыр болжанады. Жекелеген өңірлерде желдің күшеюі, дауыл, тұман күтіледі, шығыста бұршақ жаууы ықтимал.

Жұма күні Жамбыл облысының кей жерінде тұман, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл күтіледі, желдің екпіні күндіз 23 м/с артады, бұршақ жаууы ықтимал.

Таңертең және күндіз Қызылорда, күндіз Түркістан, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман, күндіз Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда облысында, Түркістан облысының кей жерінде, Атырау, Жамбыл, Алматы, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстік-батысында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Өзгелердің жаңалығы