Бас жаңалықтар
Зейнетақы жинақтарының бөлігін туыстарға табыстау жолы айтылды
24 Қаңтар 2021, 15:29 687

Зейнетақы жинақтарының бөлігін туыстарға табыстау жолы айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отбасы банктің» баспасөз қызметі www.enpf-otbasy.kz онлайн платформаcында біржолғы зейнетақы төлемдерін жақын туысқа табыстау тәсілі бойынша нұсқаулық дайындады.

Зейнетақы жинақтарының жеткіліктілік шегінен асқан бөлігін табыстауды жоспарламас бұрын, алдымен Отбасы банкінде арнайы шот ашу қажет. Шотты қаражатты табыстаушыға да, қабылдаушыға да ашу қажет.

Зейнетақы жинақтары тек жақын туыстар арасында табысталады.

Оларға келесі қарым қатынастағы туыстар жатады:

- ерлі-зайыптылар;

- ата-аналар;

- балалар;

- бала асырап алушылар/ - асырап алынғандар;

- туған немесе әкелері/аналары бөлек аға-інілер мен әпке-сіңілілер;

- аталар/әжелер.

Банк сіздің жинақтарыңызды туысыңызға табыстау өтінімдеріңіздің 2 жұмыс күні ішінде қарайды. Содан соң БЖЗҚ 5 жұмыс күні ішінде қажетті қаражатты Отбасы банкіндегі арнайы шотыңызға аударады. Зейнетақы жинақтарыңызды - Отбасы банкінің тиімді бағдарламалары арқылы баспаналы болуға бастапқы жарна ретінде пайдалануыңызға болады, - делінген хабарламада.

Біржолғы зейнетақы төлемдерін алу бойынша онлайн-платформамен жұмыс істеу кезінде сізге nclayer сертификаттарын орнату қажет.


Сертификаттарды Pki.gov.kz сайтынан жүктеп алуға болады.

Зейнетақы жинақтарын алу бойынша барлық іс-шара тек компьютер немесе ноутбук арқылы ғана қолжетімді болатынын есте ұстаған жөн.

Айта кетейік, кеше сағат 9:00-ден бастап зейнетақы жинақтарын бір бөлігін алуға өтінім беру www.enpf-otbasy.kz басталған болатын. Оған 23 қаңтар сағат 19:00-ге дейін 11 мыңнан аса азаматтан өтініш келіп түсті.


Фото: дереккөз
Загрузка...