Өзбекстанда жаңа саяси партия құрылды

9 Қаңтар 2019, 09:35
2119
Бөлісу:
Өзбекстанда жаңа саяси партия құрылды

Астана, baq.kz. Өзбекстанда тағы бір саяси күш - Өзбекстан экологиялық партиясы құрылып, кеше 8 қаңтар күні Ташкентте партия құрылтайы өтті.

Өзбекстанда бұған дейін төрт саяси партия болған. Жаңа партия Өзбекстан экологиялық қозғалысының негізінде құрылып отыр.

Қозғалысқа Өзбекстан мен Тәжікстан Рогун ГЭС-ін салуға қатысты келісімге келе алмай, мәселе дауға айнала бастаған кезде Өзбекстан парламентінен 15 депутаттық мандат берілген.

Алайда Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев өткен жыл соңында парламентте жасаған алғашқы үндеуінде экологиялық қозғалысқа парламенттен ерекше квота бөлінгенін сынаған болатын.

Мирзияев өз үндеуінде "Барлық саяси күштерге теңдей жағдай жасайтын және экологиялық қозғалыс өкілдеріне квота бөлуден бас тартатын уақыт жетті деп ойлаймын" деген еді.

Өзгелердің жаңалығы