Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

9 Шілде 2021, 14:06
4531
Бөлісу:
Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды
PHOTO
Фото: автордан

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Nur Alem болашақ энергиясы мұражайының бірінші қабатында «Заттар өмірі» атты көрме ашылды. Бұл көрме 5 тамызға дейін жалғасады.

Мұнда танымал қазақстандық суретшілердің ерекше материалдардан, атап айтқанда, қайта өңделген резеңкеден, пластик пакеттерден, газет қиындыларынан, лимонад құйылған бөтелке жапсырмаларынан, шиналардан және басқа да өмірде қолданатын заттардан жасалған жұмыстары қойылған.

Заманауи көрменің арқасында ЭКСПО ғимараты бірегей инсталляциялармен және танымал қазақстандық және шетелдік суретшілер мен сәулетшілердің арт-нысандарымен толықты.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

«Заттар өмірі» соңғы 30 жыл ішінде жасалған суретшілердің туындыларын қамтиды. Бір қызығы, олар өз жұмыстарында өнер үшін ерекше материалдарды пайдаланады. Мәселен, целлофан, пластик, улы және күрделі қайта өңделген резеңке, дәрі-дәрмектерден бос пакеттер, ойыншықтар, тіпті дәретхана қағазы да бар.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Заманауи көрмеде Саид Атабеков, Алпамыс Батыр, Қуаныш Базарғалиев, Виолетта Богданова, Елена және Виктор Воробьевтар, Катя Кан, Молдақұл Нарымбетов, Сәуле Сүлейменова, Георгий Трякин-Бухаров, Арыстанбек Шалбаев, Алексей Шиндин, Зоя Фалькова сияқты суретшілердің 30-дан астам жұмысы қойылған.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Көрменің жетекшілері Владислав Слудский және Ольга Веселовалардың айтуларынша, бір автордың бірнеше жұмысы қойылған. Тіпті көрме ашылмай тұрып, Семейдегі музейде сақталған автордың жұмысы да табылып, осы көрмеге қойылған.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Заттар өмірі – бұл бір жағынан материалдар мен техника, екінші жағынан оның метафизикалық қасиеттері туралы баяндайды.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Көрме ұйымдастырушыларының бірі Ольга Веселованың сөзінше, 2010 жылы құрылған Еуразиялық мәдени Альянс коммерциялық емес ұйымы Қазақстанның қазіргі заманғы өнерін қолдаумен және дамытумен айналысады.

Бүгін ауқымды жоба үшін жиналып отырмыз. «QazExpoCongress»-пен бірлесіп бірнеше ай бойы көрмелер өткізу жоспарда бар. Қазіргі таңда жерді, өңірді өнер арқылы дамыту сәнге айналды. Соңғы онжылдықта, технологияның дамыған заманында роботтар бәрін адам үшін істеп жүр. Дегенмен адамдар немен айналысу жайында көп ойлай бастады. Одан бөлек, Президент те өнерді жаңа мұнай түрі сияқты дамытуды тапсырды, - дейді ол.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Сонымен қатар көрме жетекшілері алдағы уақытта ЭКСПО территориясында тағы бірнеше көрме өткізуді жоспарлап отырғандарын жеткізді.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Суретшілер ұзақ уақыттан бері арманшыл адамдар ретінде танылып келді. Дегенмен шын мәнінде олар экономиканың драйверлері. Олардың өнерлері арқылы территория дамып жатыр. Мәселен, өнердің арқасында қылмыс азаяды. Сондай-ақ 2015 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындары кезіндегі мәдени бағдарлама Олимпиада ойындарына қарағанда көп қаражат тартты. Зерттеу бойынша адам көрмеге барған кезде тұраққа көлік қояды, ол үшін ақша төлейді, тамақтанады, сувенир сатып алады. Бұл да экономиканың акселерациясы, - деп айтты Владислав Слудский.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Жұмыстардың ішінде сіз поликорбанат парағындағы целлофан пакеттерінен жасалған тау пейзажын көре аласыз, жаяу жүру коллажы, аяқтың іздері, велосипед педальдары, табылған ағаш бөлшектер және тіпті сүлгі. Авторлардың резеңке шиналарды, пластик пакеттерді, дәретхана қағазын және қазіргі заманғы адамның басқа да тұрмыстық заттарын пайдалануы – суретшілердің айналамыздағы қысқа өмір сүретін заттардан жаңа эстетика іздейтіндігінің дәлелі. Екінші жағынан, олар қазіргі заманғы өнер кеңістігіндегі өмірдің шығындарын және нәзік эко-жүйеге мұқият қарау қажеттілігін көрсетеді.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Бұл жұмыс «Мақсатсыз» (2020 ж.) деп аталады.

Авторы – Виолетта Богданова.

Бұл бейнелі жұмыс COVID-19 пандемиясымен байланысты карантиннің алғашқы апталарында сұраныс күрт өскен негізгі қажеттіліктерден жасалған. Дәретхана қағазы мен жарма әдетте тиімділік пен ұтымдылыққа бағытталған қазіргі заманғы логиканы бұзып, өздерінің бағытында қолданылып жатқан жоқ.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Көрмеге қойылған экспонаттар қатарынан «Үш Би» (2000 ж.) бейнесін де көруге болады.

Оның авторы – Молдағұл Нарымбетов.

Бұл жұмыс акрил және қайта өңделген дөңгелек резинасынан жасалған.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Одан бөлек, танымал суретші Сәуле Сүлейменованың да жұмыстарын тамашалауға болады.

Сәуле Сүлейменованың көрмедегі ерекше жұмысының бірі – «Абай мен оның отбасы» (2021 ж.).

Бұл жұмыс та полиэтилен пленкасындағы пластикалық пакеттерден жасалған.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Бұл Losing Identify (2021 ж.) деп аталады. Триптих, полиэтилен пленкасындағы пластикалық пакеттерден жасалған.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Көрмеде авторлар лимонад, ашық хаттар, газет қиындылары, жазбалар және т.б. жапсырмаларды қолданатын суреттер ұсынылған. Жұмыстардың ішінде Дәретхана қағазы мен қарақұмық коллажы бар, пандемия кезінде сұраныс өте жоғары болды. Халық оларды үлкен көлемде сатып алды, қазіргі заманның логикасын резонанс пен рационализм идеяларымен бұзды.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Көрме экспонаттарының әрқайсысы-өз заманының дәуірі мен ағымының қыр-сырын паш ететін, автордың батыл шығармашылық пайымы мен оның бірегей көркемдік ойларын бейнелейтін өнер туындысы.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Экспозиция үшін орынды таңдау кездейсоқ емес және қоршаған ортаны жақсарту бойынша идеяларды тарату үшін құрылған NUR ALEM Болашақ энергиясы мұражайының миссиясы аясында ерекше маңызды. Олардың қатарында – атмосфераға зиянды шығарындыларды азайту, жаңартылатын энергия көздеріне көшу және Қазақстан мен әлемдегі көмірсутек ізін азайту бар.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

Айта кетейік, көрмені ұйымдастырушылар қатарында «QazExpoCongress» ҰК» АҚ және еуразиялық мәдени Альянс ҮЕҰ бар.

Заттар өмірі: EXPO-да заманауи көрме ашылды

«Заттар өмірі» көрмесі - ЭКСПО іскерлік орталығы аумағындағы жазғы мәдени бағдарлама қатарындағы флагмандық іс-шаралардың бірі. Көрме аясында көше әртістері мен музыкалық топтардың қойылымдары, мультимедиялық кітапханалар және балаларға арналған түрлі интерактивті бағдарлама келушілер назарына ұсынылады.

Өзгелердің жаңалығы