Ұшақ апаты: Зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек
Ұшақ апаты: Зардап шеккендерге барлық топтағы қан керек
<h4>Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңындағы әуе апатынан ауыр жараланғандарға қан керек. Бұл туралы президенттің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин хабарлады.</h4>
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы маңындағы әуе апатынан ауыр жараланғандарға қан керек. Бұл туралы президенттің бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин хабарлады.
Құрметті алматылықтар! Ұшақтың құлауына байланысты барлық қан топтарының донорларына шұғыл көмек қажет!, - деп жазды Аружан Саин Facebook-тегі парақшасында.
Алматы қаласындағы қан құю орталығының мекенжайы:
Бұқар жырау 47, тел: 274-31-99 Алматы облысы бойынша қан құю орталығының мекенжайы: Қаскелең, ст. Абылай хан, 42. Телефон: +7 (72771) 2 28 04.