Қызылорда мен Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

14 Қыркүйек 2019, 09:11
1945
Бөлісу:
Қызылорда мен Түркістан облыстарында дауылды ескерту жарияланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі аймақта да желдің күші 15-20 м/с жетеді, деп хабарлады "Қазгидромет" РМК. 

"Түркістан облысында 13 қыркүйектен 21 сағаттан 14 қыркүйекке дейін. Осы күні Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. Түркістанда 14 қыркүйекте кей уақытта шаңды дауыл, оңтүстік-батыстан екпіні 15-20 м/с желдің күшеюі күтіледі. Дауылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %", - делінген таратылған ақпаратта.

Қызылорда облысында 14 қыркүйек 04 сағаттан 14 қыркүйек 20 сағатқа дейін және осы күні таңертең және күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Жел солтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі.
Өзгелердің жаңалығы