Қытайлық инвесторлар Алматыда болат құбыр өндірісін қаржыландырды

11 Ақпан 2019, 18:35
2627
Бөлісу:
Қытайлық инвесторлар Алматыда болат құбыр өндірісін қаржыландырды

Астана, BAQ.KZ. Алматыда 2019 жылы су, газ, мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған үлкен диаметрлі болат құбыр шығаратын зауыт іске қосылады. Бұл жөнінде LS порталы хабарлайды. 

Қазақстан мен Қытайдың бірлескен кәсіпорны "Эйжа Стил пайп корпорейшн" мәліметі бойынша, жоба 2019 жылдың шілде-тамыз айында іске қосылады. 

"Инвестиция көлемі 100 млн долларды құрады. "Эйжа Стил пайп корпорейшн" қатысушыларының үлесі: қазақстандық тарапта Service Pipes Holding - 25%, Dostar Drilling - 25%. Қытай компаниясында Central Asia Ruisi Pipes (Tianjin) Corporation - 50%", - деді мекемеде. 

Жобаның болжамды қуаты жылына 100 мың тонна құбырды құрайды. Кәсіпорында 300 жұмыс орны құрылады.
Өзгелердің жаңалығы