Қытайдан елімізде тыйым салынған дәрілер әкелінген

7 Қазан 2019, 10:48
2459
Бөлісу:
Қытайдан елімізде тыйым салынған дәрілер әкелінген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "Қорғас" ШЫХО кеден бекетінде кедендік бақылау жүргізу барысында ҚР ҰҚК ШҚ және Алматы облысы бойынша ТЭД қызметкерлері  Қазақстан аумағына ҚХР-дан тыйым салынған дәрі-дәрмектерді анықтады, деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі.

"Қораптарда "СТЕКЛО" деген жазуы бар аспашам түрінде жасырылған, ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған жалпы салмағы 60 кг болатын Қытай дәрі-дәрмектері анықталып, тәркіленді. Сонымен қатар, жалпы салмағы 370 кг болатын 18 500 қорап (370 000 дана) "Cavallo" және "Milano" маркалы темекі өнімдерін тәркіленді", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, сол күні кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Rapiscаn" рентген аппаратынан Өзбекстан Республикасының азаматын өткізу кезінде Қазақстан Республикасының арнайы органдарынан рұқсат талап етілетін "Baofeng" маркалы 52 дана рация анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда аталған істің барлық мән-жайы мен тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
Өзгелердің жаңалығы