Алматы, BAQ.KZ. Қытайдың Ухань қаласында 41 адам короновирус індетін жұқтырып, тағы мыңға жуық тұрғын бақылауға алынды.
Қауіпті індетті жұқтырған бір адам көз жұмды, бұл коронавирус тарағалы алғашқы жағдай. Елдің денсаулық сақтау комитеті тағы жеті адамның жағдайы нашар халде екенін мәлімдеді.
Қазіргі таңда бұл індет 41 адам жұқтырған, жетеуі ауыр халде, бір адам көз жұмды. Екі адам ауруханадан шығарылды, - делінген хабарламада.Сондай-ақ 739 адам дәрігерлердің бақылауына алынған, оның 419-аурулармен байланыста болған медицина қызметкерлері.