Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылғы жеңіл атлетикадан жабық кешендегі әлем чемпионатын наурыз айында Қытай мемлекеті өткізу керек болған. Бірақ коронавирусқа байланысты әлемдік дода 2021 жылға ауыстырылды.
Бұл туралық Халықаралық федерацияның баспасөз қызметі (World Athletics) хабарлады.Турнир 13-15 наурызда Нанкинде өтуі керек еді.
Халықаралық жеңіл атлетика федерациясы турнирді басқа елге ауыстырудан бас тарту туралы шешім қабылдады. Өйткені бұл өзгеріс ұзақ уақытты алуы мүмкін.
Біз жарысты басқа елде өткізу мүмкіндігін қарастырдық. Осы ретте чемпионатты қабылдауға ерікті түрде қатысқан қалаларға алғыс білдіреміз. Алайда вирустың Қытайдан тыс жерде таралуы туралы алаңдаушылық білдіре отырып, біз бұл ұсыныстан бас тарту туралы шешім қабылдадық. Өйткені бұл ұзақ уақытқа созылуы мүмкін, - делінген хабарламада.
Еске салсақ, соңғы мәліметтер бойынша, Қытайда коронавирустан зардап шеккендер саны 170-ке жетті. 7771 адам жұқтырған деп тіркелді.
Айта кетейік, осыған дейін Қытайдың Ухань қаласында бокстан 2020 жылғы Олимпиада ойындарының іріктеу кезеңі басқа елге ауыстырылған болатын. Сондай-ақ ақпан айындағы теннистен халықаралық жарыста Қытайда өтпейді.