Қытайда белгісіз вирустан 56 адам қайтыс болды

26 Қаңтар 2020, 10:39
2570
Бөлісу:
Қытайда белгісіз вирустан 56 адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлемдік БАҚ Қытайда тараған белгісіз вирусқа қатысты соңғы ақпаратты жариялап жатыр. 

Шетелдік БАҚ-тың жазуына қарағанда 26 қаңтар, таңғы сағат 9:00-дегі жағдай төмендегідей. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ақпаратына сай Короновирус сырқатына шалдыққандар саны 1318 адамға жетті. 41 адам қаза болған. Аурған адамдардың 1287-сі Қытайда, үшеуі Тайваньда, екеуі Макаода, бесеуі Солтүстік Кореяда, екеуі Жапонияда, екеуі Оңтүстік Кореяда, үшеуі Сингапурда, екеуі Вьетнамда, біреуі Австралияда, екеуі АҚШ-та, бесеуі Тайландта, екі адам Непалда және үш адам Францияда тіркелген. 

Ал Қытай Денсаулық сақтау министрлігінің бүгін таңғы 8:50-дегі мәліметі бойынша елдегі вирус жұқтырғандардың саны 1975 адамға жеткен. Олардың 56-сы қайтыс болса, 324 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Сырқаттан айықты деген 49 адам ауруханадан шығарылды.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстанда жаңа коронавирусты анықтай алатын тест әзірленетіні мәлім болды. Қытайдан тарап жатқан коронавирусқа байланысты шекара арқылы өту пунктерінде санитариялық бақылау шаралары күшейтілді

Өзгелердің жаңалығы