Қытайға тәуелділіктен арыламыз - Трамп

27 Қыркүйек 2020, 10:56
2142
Бөлісу:
Қытайға тәуелділіктен арыламыз - Трамп

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ президенті Дональд Трамп алдағы сайлауда жеңіске жетсе ел экономикасын Кытайға тәуелділіктен толықтай арылтуға уәде берді. Бұл туралы lenta.ru жазды.

Алдағы төрт жылда біз Американы әлемдегі ең мықты өндірістік державаға айналдырамыз. Осылайша Қытай елінің тауарларына тәуелділіктен толықтай арылтамыз, - деді ол.

Осыдан бірнеше күн бұрын Bloomberg Қытайдың АҚШ-пен сауда соғысында жеңіске жақындап келе жатқанын жазған болатын. Ол барлық көрсеткіштер бойынша АҚШ-ты басып озған.

АҚШ 2017 жылдан бері Қытаймен сауда соғысын жүргізіп келеді. 2020 жылдың басында екі жақ келісімнің «бірінші кезеңінде», Пекин америкалық тауарларды көптеп сатып алуға көнген. 

Алайда кейін америкалық жақ Қытайды коронавирустың таралауына байланысты фактіні жасырды деп айыптап, екі ел арасында «келісімнің екінші кезеңі» іске аспады.

Өзгелердің жаңалығы