Бас жаңалықтар
Әйелдер сайлауға өзін ұсына ала ма? Мәжіліс төрағасының орынбасары жауап берді
10 Сәуiр 2019, 13:10 561

Әйелдер сайлауға өзін ұсына ала ма? Мәжіліс төрағасының орынбасары жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Гүлмира Исимбаева 9 маусымда өтетін кезектен тыс президент сайлауына әйелдер де кандидатурасын ұсына алатынын айтты.

«Елбасының саясатын әрі қарай жалғастыратын, біздің еліміздегі тұрақтылықты, бейбітшілікті, ахуалды төмендетпей әрі қарай жақсартатын жан-жақты елдің жағдайын, халықаралық жағдайды білетін, барлық мемлекеттермен де ішкі-сыртқы саясатты бір деңгейде тұрақты ұстап тұратындай азамат болуға тиіс», - деп айтты Мәжіліс төрағасының орынбасары. 

Исмибаева биылғы сайлаудың өткен жылдардағыдай ашық әрі әділ өтетіне сенім білдірді.

«Осы уақытқа дейін президент сайлаулары ашық өтті. Өйткені әр партиядан сайлауға қатысқан байқаушылар болды. Оның үстіне елімізде өтіп жатқан сайлауға шетелден, ОБСЕ-ден мыңнан астам байқаушылар келіп қатысты. Осының барлығы сайлаудың ашық әрі әділ өтуінің кепілі. Бұрынғы сайлау кезінде сайлаудың ашық, әділ өтуін бақылайтын арнайы комиссия жұмыс істеді. Сол дәстүр әрі қарай да жалғасады. Қоғамдық ұйымдар мен ҮЕҰ өкілдерінен тұратын комиссия құрылады», - деді Исимбаева. 

Журналистердің бірі депутаттан «президент сайлауына әйелдер үмтікер болуы мүмкін бе?» деген сауал қойды.

«Біздің заңнамамызға сай әйелдерге ешқандай шектеу жоқ. Сайлауға қатысу үшін жынысына шектеу болмайды», - деп жауап берді. 
Ол «Нұр Отан» партиясының Мәжілістегі депутаттары, фракция мүшелері партия съезінде айқындалатын кандидатты қолдауға дайын екенін жеткізді.

Загрузка...