Жылдың соңғы күніне ауа райы болжамы

31 Желтоқсан 2018, 09:31
2719
Бөлісу:
Жылдың соңғы күніне ауа райы болжамы
Фото: BAQ.KZ

Астана, BAQ.KZ. Еліміздің көптеген аумағында құбылмалы ауа райы сақталады. Соған байланысты жауын-шашын болады. Республиканың кей жерлерінде көктайғақ болып, тұман түседі. Бұрқасын соғып, жел күшейеді. Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

 

Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.

Түркістан, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Павлодар, Қарағанды және түнде Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын соғып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.

Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түсіп, ақжорға жүреді.

Өзгелердің жаңалығы