Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды

23 Қаңтар 2019, 13:56
6080
Бөлісу:
Елбасы волонтер студенттердің шәкіртақысын көтеруді тапсырды

Астана, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде өтіп жатқан Жастар жылының ашылу рәсімінде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев волонтерлық қызметке қатысты ұсыныс жасады. 

«Үкіметке біздің бизнес-компаниялар, бай-қуатты азаматтар, ұлттық компаниялармен бірлесіп, жастардың стартаптарын қолдайтын арнайы қор құруды тапсырамын. Осы стартаптарды бөлумен жастардың өзінің, өз ұйымдарының айналысуын бақылау керек», - деді Елбасы.

Бұған қоса, президент волонтерлер мәселесін көтерді. Оның айтуынша, еріктілердің қызметі жастарға еңбек нарығында бейімделуге, оларға өздерін жетілдіруге мүмкіндік береді. 

«Үкімет волонтерлық қызметпен айналысатын жоғары оқу орын студенттерінің шәкіртақысын көтеру бойынша жұмыс атқаруы керек. Шамамен 30%-ға көтеруге болады. Бұл студенттерге қолдау, ал халыққа пайда болар еді», - деді Назарбаев.

Бүгін «Нұр әлем» көрме кешенінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен Жастар жылы салтанатты түрде ашылды.

Атап өтсек, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өтіп жатқан Жастар жылының ашылуында көпбалалы жас ана Жазира Тұрғынова өзінің арманымен бөлісті.  «Нұрсұлтан Әбішұлы, мен бала күнімнен сізді көрсем деп армандаушы едім. Бүгін мен сол арманыма жеттім», деген жас ана  балапандарының келешекте әсем қала Астанада білім алып, әлемдегі мықты университтердің бірі Назарбаев университетінде оқыса деген аналық арманының бар екенін алға тартты. Сонымен қатар, сол үшін қолынан келгенше балаларына озық білім мен тәрбие беріп жатқанын тілге тиек етті.


Қымбат Елтайқызы


Өзгелердің жаңалығы