Вице-премьер рұқсат еткенімен, бас санитар соңғы қоңырау өткізуге тыйым салды

24 Мамыр 2020, 14:02
1933
Бөлісу:
Вице-премьер рұқсат еткенімен, бас санитар соңғы қоңырау өткізуге тыйым салды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада түлектердің мектеп бітіру кешіне тыйым салынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жанна Пірәлиеваның қаулысында көрсетілген. 

Бұған дейін вице-премьер Ералы Тоғжанов: "Аттестаттарды табыстау мен соңғы қоңырау мектептерде 3-4 маусымда ашық алаңда, санитарлық нормаларды қатаң сақтай отырып, шектеулі адамдар санымен өткізіледі", деген болатын.

Алайда елорданың бас санитар дәрігердің қаулысымен қалада соңғы қоңырау өткізуге тыйым салынып отыр.
Нұр-Сұлтан қаласының әкімі мен білім басқармасының басшысы адамдардың қатысуына байланысты мектеп және басқа да білім беру мекемелерінің түлектері үшін балдар, кештер, соңғы қоңырауларды өткізуге тыйым салу керек, - делінген қаулыда.

Өзгелердің жаңалығы