"Тікұшақ арқылы вирус шашады" деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

1 Шілде 2020, 15:43
6155
Бөлісу:
"Тікұшақ арқылы вирус шашады" деп жалған ақпарат таратқан әйел ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін әлеуметтік желіде "Сарыағаш ауданында түстен кейін вирус себіледі екен, балаларды далаға шығармаңыздар" деген сарында жалған ақпарат тарады.

Бұл ақпараттың жалған әрі шындыққа жанаспайтынын хабарлаймыз. Сіздерді, яғни Түркістан облысының тұрғындарын осы секілді мәтінде жарияланған ақпараттарға сенбеуге шақырамыз. Сондай-ақ, дәлел-дәйексіз, ел ішін дүрліктіретін ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274 бабы "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша жауапқа тартылатынын да ескертеміз. Осы ақпаратты "WhatsАpp" желісіндегі топтарда таратқан Отырар ауданының 1973 жылы туған азаматшасы қазіргі таңда құзырлы органдармен анықталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды - делінген Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі таратқан ақпаратта.
Өзгелердің жаңалығы