Вирус неліктен мутацияға ұшырайды? – маман жауап берді

14 Шілде 2021, 17:15
3485
Бөлісу:
Вирус неліктен мутацияға ұшырайды? – маман жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл айтты. Оның айтуынша, вирустың өзгеруі немесе мутацияға ұшырауы вакциналарды толығымен тиімсіз етпеуі керек.

Сондай-ақ жаңа штамдардың пайда болуын болдырмаудың ең тиімді шарасы – вакцинациялау дегенді алға тартқан маман мутацияның себептерін түсіндірді.

Вирустар, барлық тіршілік иелері сияқты, өмір бойы мутацияға ұшырайды. Вирустың мутациясы бірнеше апта немесе айлар ішінде көптеген вирустар мен сезімтал адамдарға байланысты тез жүреді. Кейбір мутациялар вирусты тұрақсыз және осал етеді, ал кейбір мутациялар вирустың жұқпалы болуын, өлімді арттырады, аурудың ауыр ағымын тудырады. Мутация вирусты өлімге әкелетін, жұқпалы болған кезде алаңдаушылық туындайды. Қолданыстағы вакциналардың, емдеудің және басқа да алдын алу шараларының тиімділігін төмендететін мутацияның алдын алу үшін вирустың таралуын тоқтату үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз керек, - деді өз сөзінде сарапшы.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта мақұлданған коронавирусқа қарсы вакцинацалар вирустың жаңа нұсқаларынан кем дегенде біршама қорғауды қамтамасыз етеді. Себебі бұл вакциналар бірқатар антиденелер мен жасушалардың қатысуымен кең иммундық реакцияны тудырады.

Сарапшы бүгінгі таңда COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен вакцинациялау жаңа штамдарға қарсы жеткілікті қорғауды қамтамасыз етпейді деп отыр. Ал екінші компонентпен вакцинациялау кезінде ұсынылған аралықты сақтай отырып, бірінші кезекте аурудың ауыр ағымынан және COVID-19-дан өлімнен сенімді қорғау қамтамасыз етуге болады. Инфекциядан жалпы қорғау «жабайы» штамға қарсы тиімділікке қарағанда айтарлықтай төмен емес көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы