Ветеринарлық дәрігерлер жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресу жолдарын талқылады

12 Шілде 2019, 23:57
1809
Бөлісу:
Ветеринарлық дәрігерлер жануарлардың аса қауіпті ауруларымен күресу жолдарын талқылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақмола облысының Целиноград ауданы Жалынды ауылында орналасқан "Астана Өнім" ЖШС базасында жануарлардың аса қауіпті аурулармен күресу және оның алдын алу бойынша симулятивтік тренинг өтті, деп хабарлайды ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінше, осы симулятивті тренинг барысында қатысушыларға нодулярлы дерматиттің алдын алу және онымен тиімді күресудің әдіс-тәсілдері көрсетілді, оның нәтижесіде экономикалық салдарларды төмендетуге және жануарлар денсаулығының әл-ауқатын арттыруға болады.

«Тренингті «Республикалық эпизоотиялық отряд» РММ және ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау комитетінің Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы ұйымдастырды, тренинг кезінде қатысушылар нодулярлық дерматит пайда болған жағдайда қандай іс-әрекет жасау керектігін пысықтады. Іс-шараға Ақмола, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстық аумақтық инспекцияларының, «Республикалық ветеринариялық зертхана» РМК облыстық филиалдарының, «Республикалық эпизоотияға қарсы отряд» РМК, осы аймақтың ветеринариялық қызметтерінің ветеринариялық мамандары және құқық қорғау органдарының, төтенше жағдайлар комитетінің өкілдері қатысты»,-делінген хабарламада.

Дала іс-шаралары төтенше жағдайларға ден қоюға мүмкіндік беретін сценарий негізінде, сондай-ақ ветеринариялық қызметтерде және басқа да мекемелерде мамандардың түрлі деңгейлеріндегі рөлі мен функциялары әзірленді.

«Тренинг сценарийі бойынша жануардың иесінен ветеринариялық пункттің ветеринариялық дәрігерімен белгісіз ауру пайда болғаны туралы хабарлама қабылдау және аудандық ветеринариялық қызметке хабарлама жіберу, ауру жануарды клиникалық тексеру, зертханаға патологиялық материалдарды алу және жіберу, дезинфекция жүргізу, қолайсыз ошақта карантин енгізу және карантиндік іс-шаралар жүргізу іс жүзінде пысықталды»,-делінген хабарламада.

«Бұл тренинг ауру ошағы пайда болған кезде ветеринарлық мамандардың іс-әрекетінің алгоритмі мен тәжірибесін бекіту және төтенше жағдай туындаған кезде өңірдің әртүрлі құрылымдарының өзара іс-қимылы үшін қажет»,-деді ветбақылау комитетінің төрағасы А. Өтеғұлов.

 

 

Өзгелердің жаңалығы