Астана, BAQ.KZ. Жапониялық әйелдер Валентин күнінде ер адамдарға шоколад беруден бас тарта бастады. Қыздар мұндай сыйлыққа мыңдаған иен жұмсағысы келмейді. Бұл туралы The Guardian жазады.
Жапонияда бұл дәстүр giri choco немесе «міндетті шоколад» деп аталады. Ал жігіттер 14 наурызда Ақ күнінде сыйлау керек. Бұл кәмпиттердің сатылымын көбейту мақсатында әдейі дәстүрге айналдырылған.
Зерттеулерге қарағанда, жапониялық әйелдердің 60% шоколадты өзі үшін, 56%-дан астамы оны отбасы мүшелеріне, ал 35% жұбына сыйламақ. Осынша пайызы жұмыстағы әріптестерін шоколадпен қуантуды жоспарлаған.
Кейбір компания қазір мұндай сыйлық беруге тыйым салған.