Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ – Алмаз Шарман

4 Тамыз 2021, 16:58
4927
Бөлісу:
Вакцинаның бала сүюге теріс әсері жоқ – Алмаз Шарман

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман хабарлады. Індет өршіп тұрған кезеңде дәрігер өзекті сұрақтардың біріне қатысты ақпараттар берді.

Оның айтуынша, вакцина аурудан 100% қорғамаса да, ауру ағымының ауыр болуынан қорғайды. Әрі иммундық жүйе үшін тиімді қорғаныс.

Бүгінгі таңда әлемде 4 млрд түрлі дозадағы вакцина салынған. Вакцинаның құр өзі СOVID-19-ды тудырмайтыны анық. Вакцина репродуктивті жүйенің қызметін бұзбайды. Сондай-ақ жаңа туған сәбиде түрлі аурудың туындауын тудырмайды. Керісінше, СOVID-19-ға шалдыққандар белсіздік, баланың шала туылуы, мидың, жүрек, ақыл-ой қызметінің көптеген бұзылыстарымен тууы ықтимал үлкен қатер тобында, - деді Алмаз Шарман.

Оның айтуынша, карантин шараларының әлсіреуі кезінде вакцинациялау тиімсіз деп отыр. Себебі жұғу қаупі жоғары әрі вакцинаға төзімді жаңа штамдардың туындауына жол ашуы әбден мүмкін көрінеді. Сондай-ақ дәрігер халыққа вакцина салдырмаса, үнемі қатаң карантиндік шаралар жағдайында өмір сүруге тура келетіндігін алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы