Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады

2 Желтоқсан 2021, 11:03
1530
Бөлісу:
Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Вакцинадан бас тартқандарға айыппұл салынады, айыппұл төлемегендер бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мұндай ережені Австрия үкіметі қабылдамақ. Бұл туралы Die Presse басылымы жазды.

Нақтырақ айтсақ, вакцина алудан бас тартқан австриялықтарға 7200 еуроға дейін айыппұл салынуы мүмкін.

19 қарашада Австрия Үкіметі локдаун жариялады және коронавирусқа қарсы міндетті вакциналау туралы заң жобасын әзірлейтінін мәлімдеді.

Die Presse газеті осы құжатан үзінді жариялады. Үкімет вакцинадан бас тартқандарға 3600-ден 7200 еуроға дейін айыппұл салуды жоспарлап отыр. Ал айыппұл төлеуден бас тартқандарды 4 аптаға түрмеге қамауы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы