Үш қазақстандық теннисші Австрия чемпионатында бақ сынайды

18 Тамыз 2021, 20:10
4194
Бөлісу:
Үш қазақстандық теннисші Австрия чемпионатында бақ сынайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үстел теннисінен Қазақстан командасыың үш өкілі Австрия чемпионатында сынға түседі деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айдос Кенжеғұлов, Бақдәулет Әкімәлі және Искандер Харки Badener AC клубының құрамында өнер көрсетеді. 

Аталған команда ішкі біріншілікті 5 қыркүйк күні UTTC клубына қарсы бастайды. 

Айта кетелік, Badener AC 1924 жылы іргетасы қаланған Еуропадағы ең ежелгі ұжымдардың бірі саналады. 

Өзгелердің жаңалығы