Университет ұстаздарының жалақысы қанша?

2 Қыркүйек 2021, 12:29
3962
Бөлісу:
Университет ұстаздарының жалақысы қанша?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы БҒМ-нің аппарат жиналысында Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев айтып берді.

Ол аппарат отырысында ЖОО профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысы туралы баяндады.

ЖОО-дағы профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын көтеру Президенттің және министрліктің бұйрығына сәйкес жүзеге асырылды. 2021-2022 оқу жылында ЖОО-да кадрларды дайындау бойынша мемлекеттік тапсырыстың құны өсті. Атап айтқанда, оның құны мемлекеттік ЖОО-ларда 342,9 мыңнан 955,8 мың теңгеге, ұлттық ЖОО-ларда 635,8 мыңнан 1 млн теңгеден асты. Ал докторантурада мемлекеттік тапсырыстың құны 1 млн 307 мыңнан 1,9 млн теңгеге дейін өсті, - деді департамент директоры.

Университет ұстаздарының жалақысы қанша?

Оның сөзінше, грант құнының артуы ЖОО-лардың материалдық-техникалық және оқу-әдістемелік базасын, сондай-ақ профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысын арттыруға, кадр әлеуетін жаңартуға және ЖОО-лардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапасын арттыруға мүмкіндік берді.

Университет ұстаздарының жалақысы қанша?

Мемлекеттік тапсырыс құнының өсуі ЖОО-ның профессорлық-оқытушылық құрамының жалақысының шамамен 25-30 пайызға өсті. Сонымен қатар ең төменгі жалақы оқытушы үшін 200 мың теңге, аға оқытушы 230 мың теңге, ассоц.профессор 260 мың теңге, профессор үшін 350 мың теңге, - деді Әділет Тойбаев.

Ол жалақы өсіруге қатысты министрлік берген тапсырмалар орындалғанын жеткізді.

Сонымен қатар мемлекеттік ЖОО бойынша да талдау жүргізілген. Дегенмен бірнеше университетте жұмыс әлі қолға алынбаған. 

Тойбаев университеттің басшылығы мәселені қолға алуы қажеттігін айтты.

Өзгелердің жаңалығы