Жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" конкурсы өтеді – министр

27 Қаңтар 2020, 12:12
2472
Бөлісу:
Жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" конкурсы өтеді – министр
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жылы жас журналистер мен журналистика факультетінде оқып жатқан студенттер үшін арнайы конкурс ұйымдастырылады. Оның жеңімпазына жұмыс орны ұсынылмақ.

Бұл туралы ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев ведомствоның кеңейтілген алқа отырысында мәлімдеді. 

Оның айтуынша, биыл бұған дейін өтіп келе жатқан "Үркер", "Тұмар" сыйлықтары және Аstana Media Week форумы тағы да ұйымдастырылады. Сонымен қатар, биыл құрылғанына 100 жыл толатын "Казахстанская правда", "Қазақпарат" халықаралық ақпарат агенттіктерінің мерейтойы аталып өтеді. Тек министрдің айтуынша, "мақсат – той тойлау емес".

Елбасы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында радиохабарларды дамытуға ерекше назар аударды. Вице-министр Нұргүл Өсербаеваға осы радиохабарлар таратуды дамытудың жол-картасын жасауды және бекітуді, сонымен қатар цифрлық радионы енгізудің концепцуалдық тәсілдерін анықтауды тапсырамын. Ендігі кезекте саланың негізгі шараларына тоқталсам, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарының цифрлық хабар таратуға көшіру қажет. Екінші жас журналистер мен студенттер арасында "Үміт" байқауын ұйымдастыру. Жеңімпаздар осы БАҚ саласына жұмысқа алынады. Үшінші "Үркер", "Тұмар" премияларын және Аstana Media Week медиа-форумын ұйымдастыру. Төртінші, былтыр "Егемен Қазақстан" газеті 100 жылдық мерейтойы өткізілді. Биыл "Казахстанская правда" мен "Қазақпарат" ХАА 100 жыл толады. Осы мерейтойларды да өткізу керек. Бірақ бір ескеретін дүние, мемлекет басшысы айтқандай, мерейтойларда ағартулық бағытындағы шараларға басымдық берілу керек. Мақсат – той емес, тағылым болуы тиіс. Бесінші, "Қазмедиа" орталығының технологиялық ядросын жаңарту, - деді ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев.

Қазір елордадағы "Қазмедиа" орталығында Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтіп жатыр. Жиында министр Дәурен Абаев телеарналар мен интернет ресурстардың мемлекеттік тапсырысты орындау критерийін бағалау жүйесі өзгеретіні туралы айтты.

Өзгелердің жаңалығы