«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты

10 Маусым 2021, 17:09
4795
Бөлісу:
«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордада Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) ғимаратында «Жетім күлсе – әлем күледі» жобасы аясында қайырымдылық іс-шарасы ұйымдастырылды.

Салтанатты іс-шара барысында елордадағы көпбалалы отбасыдан шыққан және асыраушысынан айырылған балаларға қыстық киімдер сыйға берілді.

«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты

Аталған шараны Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі өткізді.

Қайырымдылық акциясы жайында Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігінің (TIKA) Қазақстандағы өкілі Исмаил Гүрлек мырза түсіндіріп берді.

«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты

Басшылығымыздың бастамасымен «Ұлылар дастарханы» деген атпен Рамазанның азық-түлік қорапшаларын тарату іс-шарасы өткенін білесіздер. Бұл жоба аясында Нұр-Сұлтандағы агенттігіміздің атынан жалпы саны 1200 рамазандық азық-түлік қораптары 3 аймақта таратылды. Атап айтқанда азық-түлік қорабының 500-і отбасыларға және 700-і студенттерге таратылды, - деп атап өтті ол.

Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) «Ұлылар дастарханы» жобасы аясында Рамазан айында Балқаннан Орталық Азияға, Африкадан Америкаға дейін 82 елдің шамамен 1 млн тұрғынына тамақ және жеке гигиеналық заттармен қамтылған қорапшалар таратты.

«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты

Оның айтуынша, TIKA-ның 5 құрлық бойынша ұйымдастырған «Ұлылар дастархан» бағдарламасы аясында 137 мың азық-түлік қорабы мен 19 мың гигиеналық тазалыққа арналған қорапша таратылып, 70 мың адамға ыстық тамақ берілді.

Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі (TIKA) басшылығы Рамазан айында басталған «Ұлылар дастарханы» жалғасы ретінде жетім балаларға арналған «Ұлылар жейдесі» атты пайдалы жобаны жүзеге асырып отырмыз. «Ұлылар жейдесі» деген атпен «Жетім күлсе, әлем күледі» атты акция аясында 110 жетім балаға қысқы және жазғы киімдер, спорттық киім және соған ұқсас қажетті заттар таратылады. Сонымен қатар балалар көңілді уақыт өткізсін деген ниетпен попкорн, мақта кәмпиттері, жемістер, шоколадтар секілді тәттілерді ұсынып отырмыз, - деп айтты Исмаил Гүрлек жоба жайында.

«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты

Ол өз сөзінде аталған шараны ұйымдастырудағы негізгі мақсат - балаларды барынша қуанту және сыйға берілген киімдерді кигендегі қуанышын көру маңызды екенін атап өтті.

Айта кетсек, қайырымдылық шарасын толығымен Түркия тарапы қаржыландырып отыр.

«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты

Қайырымдылық шарасын қаржыландыру Түркия Республикасы Мәдениет және туризм министрлігі жанындағы Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі тарапынан жасалып отыр. Қажетті заттың барлығы агенттік тарапынан алынып отыр. Сондай-ақ бүгінгі шараға асыраушыларынан айырылған, әкесінен не анасынан айырылған және көпбалалы отбасынан шыққан балалар шақырылды. Олардың тізімін қала әкімдігінен және Дін істері басқармасынан алдық. Ақпарат нақтыланып, тексерілді, - дейді TIKA басшысы.

Іс-шара барысында Исмаил Гүрлек жетім балаларды қолдауға бағытталған жобаларды көбейтуді жоспарлап отырғанын айтты.

«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты

Пакетте балаларға арналған қыстық қалың күрте, жаздық спорттық киімдер, қалың бас киім бар. Бұл киімдер Қазақстаннан сатып алынды. Себебі біздің екінші мақсатымыз – пандемия кезінде жергілікті кәсіпкерлерді қолдау болды.

Қайырымдылық іс-шарасына шақырылған Нағима Биназарова 7 баланың анасы қайырымдылық шарасы аясында қажетті заттар беріліп жатқанына қуанып отырғанын айтты.

Әкімдіктен Түркия мемлекеті қайырымдылық шарасын өткізейін деп жатыр деп шақырды. Себебі мен көпбалалы анамын. Бізге бүгін сырт киім, спорттық киім және аяқ киім беріп отыр. Көпбалалы отбасы болғандықтан барлығына бірдей жете бермейді. Рас, заман қиын. Әкеміз жалғыз өзі жұмыс істейді. Балаларымыз өсіп келеді. Қатарынан қалдырмай, қажет заттарын алып бергің-ақ келеді. Алайда бәріне бірдей алып бере алмаймыз. Үлкенінің кигенін кішісі де киіп, өсіп келеді, - дейді ол.

«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты

Бүгінгі қайырымдылық шарасы кезінде бұл көпбалалы отбасының 3 баласына киім-кешектер үйлестірілді. Оның ең үлкен баласы 13 жаста, ал кішісі 1,5 жаста.

Баланы ел үшін емес, өзіміз үшін туамыз. Сонда да Түркия тарапынан ұйымдастырылып жатқан шара үшін алғыс айтамыз. Жасап жатқан қайырымды істері Алладан қайтсын. Барлық бала бақытты болуға лайықты деп ойлаймын. Бала жыламасын, бізді қуанта берсін! – деп тілегін айтты көпбалалы ана.
«Ұлылар жейдесі»: TIKA елордалық балаларға қыстық киімдер сыйға тартты
Өзгелердің жаңалығы