Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі тағайындалды

23 Шілде 2019, 18:59
2289
Бөлісу:
Ұлыбританияның жаңа премьер-министрі тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Британдық парламенттің депутаты Борис Джонсон Біріккен Әмірліктің премьер-министрі болып сайланды, деп хабарлады Reuters. 

Агенттіктің деректеріне сүйенсек, Джонсонға Консервативтік партияның 92153 мүшесі дауыс берген. 

Осылайша, Борис Джонсон СІМ Джереми Хантаны дауыс берушілер санынан басып озып, Тереза Мэйдің ізін басты.  Хантаға тек 46656 дауыс жинаған.

Ұлыбританияның жаңа премьер-министрін сайлау бірнеше кезеңнен тұрды. Басында бұл постқа 10 адам үміткер болды. Алайда, депутат-консерваторларға дауыс беру кезінде олардың саны азайды. Соңында қалған екі үміткердің бірін үкімет басшысы ретінде таңдау үшін мемлекет бойынша Консервативтік партияның 160 мың мүшесі атсалысып, дауыс берді.

Бұған дейін Джонсон Ұлыбританияның СІМ басшысы болған. 2018 жылдың шілде айында Brexit мәселесінің төңірегінде келіспеушілік туындап, қызметінен кетуге мәжбүр болды. 

Сыртқы істер министрі қызметіне дейін ол Лондон қаласының мэрі болды (2008-2016 годы).

Өзгелердің жаңалығы