Ұлттық құрама Франциядан ойсырай жеңілді

14 Қараша 2021, 08:13
1583
Бөлісу:
Ұлттық құрама Франциядан ойсырай жеңілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық құрама футболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Франциядан ірі есеппен ұтылды.

Матч Париждегі «Парк де Пренс» стадионында өтті.

Франция құрамасы Қазақстан құрамасына жауапсыз 8 гол соқты. Матчта Килиан Мбаппе Франция сапындағы алғашқы покерін жасады. Одан бөлек, Карим Бензема екі гол соқса, Гризманн мен Рабьо да бір-бір голмен есепті еселеді.

Осылайша, Талғат Байсуфиновтің шәкірттері сегіз ойында үш ұпай жинап, топты соңғы орынмен аяқтады.

Енді қазақстандық футболшылар 16 қараша күні Тәжікстан құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Өзгелердің жаңалығы