Бас жаңалықтар
Ұлттық кеңесте 10 түрлі ұсыныс жасалды
21 Қыркүйек 2021, 21:53 232

Ұлттық кеңесте 10 түрлі ұсыныс жасалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ұлттық Кеңес аясында әлеуметтік-экономикалық реформалар жөнінде Рахим Ошақбаев баяндама жасады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық Кеңесте ұсынып, іске асқан әлеуметтік бастамалары өте маңызды. Президент Тоқаевтың Ұлттық Кеңесте бастамашы болған әлеуметтік бастамалар экономиканы реформалаудың локомативіне айналған - деп жазды Ұлттық кеңес мүшесі Ерлан Саиров.

Бірнеше іс-шараларды атаса болады.

1. Жер мәселесінің түбегейлі шешілуі.
2. Азаматтардың зейнетақы қорларын үй жағдайын жақсартуға пайдалануы. 405 мың адам үй жағдайын жақсартып, 34 мың адам емделген.
3. Шет елден жұмыс күшін тарту квотасын 40 пайызға қысқарту.
4. Оңтүстіктен Солтүстікке қоныс аударған азаматтарға көмек.
5. Педагогтардың статусы мен жалақысының артуы.
6. ЖОО оқытушылары жалақысының өсуі.
7. Дәрігерлердің жалақысының артуы.
8. Мүмкіндігі шектеулі балаларға ЖОО түсуге квота белгілеу.
9. Квазимемлекеттік секторға азаматтық қоғам өкілдерін өкілеттеу.
10. Ұлттық Кеңес аясында 17-заң, Президент Жарлығы қабылданған.

Азаматтардың әлеуетін өсіруге нақты қадамдар.


Фото: дереккөз
Загрузка...