Ұлттық банк автонесиелеу бағдарламасына 20 млрд теңге бөлді

18 Қазан 2019, 14:57
3095
Бөлісу:
Ұлттық банк автонесиелеу бағдарламасына 20 млрд теңге бөлді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды кредиттеу бағдарламасында, Ұлттық банк басқармасының қаулысына сәйкес 2019 – 2023 жылдар аралығында 20 млрд теңгеге дейін бөлу көзделген, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.

Бұл бағдарлама шеңберінде осы жылы "Қазақстанның Даму банкі" АҚ (ҚДБ) 20 млрд теңге сомаға қаржыландыру алды. Алынған қаражатты ҚДБ екінші деңгейдегі банктерге жеке тұлғаларды – отандық өндірістегі жеңіл автокөлікті сатып алушыларды кредиттеу үшін жібереді.

"Сонымен бірге Ұлттық банктің бағдарламасы бойынша автокредиттеудің жеңілдік талаптары сақталғанын атап өткен маңызды. Мәселен, сыйақының номиналды мөлшерлемесі жылдық 4%-дан аспайды (жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі  – 7,5%-ға дейін), кредиттеу мерзімі – 7 жылдан аспайды. Отандық автомобильдің құны 15 млн теңгеден аспауға тиіс", - делінген таратылған ақпаратта. 



Өзгелердің жаңалығы