"Әлеуметтік көмек ала алмай қаламыз" деп уайымдамаңыздар – Абаев

1 Сәуір 2020, 17:39
3019
Бөлісу:
"Әлеуметтік көмек ала алмай қаламыз" деп уайымдамаңыздар – Абаев
Президенттік қолдау

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев кешегі президенттің халыққа жолдаған үндеуі туралы айтты.

Бүгін Қарағанды қаласында 62 жастағы азамат коронавирустан қайтыс болды. Осыған байланысты марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтамын. Болған іске сабыр етіңіздер, - деді Абаев.

Ол кешегі президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа жасаған мәлімдемесін түсіндіріп кетті.

Президент өз үндеуінде дағдарысқа қарсы шаралардың екінші пакетімен таныстырды. Бұл шаралар бұқаралық ақпарат құралдарында кең көлемде жариялануда. Сонымен бірге, үкімет президент тапсырмасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарын дайындап жатыр. Дайын болған кезде әрбір мемлекеттік орган өзіне жүктелген тапсырмалар туралы толық мәлімет береді. Яғни, мемлекеттің көмегін, қалай, қай жерде, қандай тәртіппен алу керек екені нақты түсіндіріледі. Қазір бұл механизмдер пысықталуда. Сондықтан "үлгермей қаламыз" деп уайымдаудың қажеті жоқ. Көмекке мұқтаж барлық адамға жәрдем беріледі, мемлекет ешкімді қамқорлықсыз қалдырмайды. Бұл "халық үніне құлақ асатын мемлекет" концепциясының жарқын үлгісі. Оның өміршең екендігінің айқын дәлелі, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы