Бас жаңалықтар
Үкімет отандық бизнес қызметінің жағдайын жақсартуды қарастыруда
23 Қараша 2020, 14:35 145

Үкімет отандық бизнес қызметінің жағдайын жақсартуды қарастыруда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловтың төрағалығымен «Атамекен» ҰКП және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен кездесулер легі жалғасуда, онда бизнестің жүйелі мәселелері және оларды шешу жолдары қарастырылуда. 

Бұл туралы Primeminister.kz сайты хабарлады.

 Атап айтқанда, Өзбекстаннан Қазақстанға жеңіл өнеркәсіп өнімдерін және басқа да тұтыну тауарларын заңсыз тасымалдау отандық өнімнің сатылуы мен өндірісінің төмендеуіне, жұмыс орындарының қысқаруына, бюджетке салық түсімдерінің азаюына алып келді. Осы жағдайды шешу үшін Ә. Смайылов тиісті мемлекеттік органдарға заңсыз импортқа қарсы Жол картасын әзірлеуді тапсырды. 

Коронавирус пандемиясы авиация саласының бизнес-процестеріне де айтарлықтай әсер етті. Қазақстандық әуе компаниялары үшін ЕАЭО елдерінің аумағында авиациялық қозғалтқыштарды, отандық әуе кемелеріне арналған қосалқы бөлшектер мен жабдықтарды жеткізу мерзімдерінің сақталмауы, сондай-ақ оларды жөндеуге және техникалық қызмет көрсетуге қатысты тәрізді проблемалар туындады, соның салдарынан аталған саладағы модернизация әлсіреді. 

Отырыста жер заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің тиімді шараларын қабылдау мәселесі де талқыланды. 

Әрбір талқыланған мәселе бойынша шешім қабылданып, нұсқаулар берілді, бірқатар мәселелер уәкілетті органдар тарапынан жан-жақты талқылануы үшін ведомствоаралық комиссияның қарауына жіберіледі. 

Бұған дейін аграрлық секторды қолдау, жеңілдетілген және лизингтік несиелеу бағдарламасын іске асыру, су үнемдейтін технологияларды әзірлеу, шетелден сатып алынған бағдарламалық жасақтаманы отандық бағдарламаларға алмастыру мүмкіндігі, құрылыста еурокодтарды пайдалану, мемлекеттік сатып алу порталында отандық өндірушілердің тізімін жаңарту және  отандық бизнесті дамыту мен қолдаудың басқа да мәселелері қаралған еді.



Фото: ашық дереккөз
Загрузка...